Ақтөбенің Темір ауданы Кеңқияқ ауылында салынып жатқан 600 орындық мектептің құрылысы тоқтады. Себебі, ғимараттың іргетасы үгітіліп, қабырғасы сөгіле бастаған.
Ауыл тұрғындары әлеуметтік желіде видео жариялады. Мектеп құрылысы елу, алпыс пайызға аяқталған сәтте олқылықтар анықталған. Тәуелсіз сарапшылардан арнайы комиссия құрылып, тексеру жүргізілген. Құрылысқа жауапты болған инженер-техник мамандар түгел ауыстырылған. Мектептің іргетасын бекіту жұмыстары жүргізіле ме, әлде ғимарат толықтай бұзылып, қайта салына ма, ол зертханалық комиссия қорытындысы шыққан соң белгілі болады.
НҰРЖАН ЖАНДОС, МЕРДІГЕР МЕКЕМЕНІҢ АЙМАҚТЫҚ ДИРЕКТОРЫ:
Біздің алдын ала ойымызша бұл жаңағы итр составтың упущениесі бірінші, екінші осы жұмыстар жасалған кезде сапаға сай емес материалдар қолданылды деп ойлаймыз.Барлық жұмыстар осының барлығын жөңдеу жұмыстары біздің есебімізден жасалады. Бүгінгі таңда бұл мектептен біз қаражат алып жатырған жоқпыз заказчиктен, өйткені мәселені бірінші өзгертіп, жөңдеп алуымыз керек.