Түркістан облысындағы кезекті «Таза бейсенбі» акциясы «Отырар қала жұрты» аумағында өтті. Экологиялық шараға «AMANAT» партиясы Түркістан облысына қарасты Отырар ауданы «Қоғам» бастауыш партия ұйымы ұйытқы болды. «Отырар қаласы- еліміздегі ең көне -қалашық. Белгілі тарихшы ғалым Карл Байпақов бұл орынды «Қазақстанның тарихи бренді» деп атаған.Бұл -руханиятқа, тарих пен мәдениетке құрмет көрсететін мекен. Сондықтан киелі жерді таза, ұқыпты ұстау әрбіріміздің міндетіміз. Көне тарихи орында тазалық жұмыстарын ұйымдастыру арқылы, ауданға саяхатшылардың көптеп келуіне жағдай жасау негізгі мақсаттың бірі , -деді шараға қатысушылар. Отырар ауданында жалпы осындай акция ауданның 13 ауылдық округінде орналасқан 38 елдімекенде тұрақты түрде өтіп келеді. Түркістан облысында “Таза бейсенбі” акциясы басталғалы 14 мыңнан астам адам қатысып, 263,3 тоннаға жуық күл-қоқыс шығарылды.
ЕРКЕҒАЛИ ТАҢАТАРОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ОТЫРАР АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:
Бұл жерге ауданның еріктілері, партияластарымыз, осы ауылдың тұрғындары қатысып жатыр. Шараның мақсаты баршаға айқын. Бұл –өзіміздің туған жерімізді, көне тарихи орындарымызды саяхатшылар келетін жерлерді, ауылдың маңын таза ұстау, елді соған шақыру болып табылады. Акция әлде де өзінің жалғасын табатын болады.