Түркістан облысы Мақтаарал ауданының Мырзакент кентінде «Таза көше, таза аула, ағаш егу» акциясы өтті. Мақталы өңірде 2 мың түп қарағаш пен қылқанжапырақты жас көшеттер егілді. «Экологияны қорғау, жас ұрпақты тазалыққа баулу - біздің міндетіміз. Бүгін еккен жас тал ертеңгі күні саялы баққа айналып, ауылымызға көрік береді. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасын табу керек»-, дейді ақсақалдар. Тазалық жүмыстарына 3 мыңдай адам атсалысты. Жиналғандар саябақтар мен скверлер, ішкі көшелер мен аяқжолдар, стадиондар мен спорт алаңшаларының аумағын жабайы шөптерден тазартты. Сондай -ақ, аялдамаларға әктеу-сырлау жұмыстары жүргізіліп, билбордтар және жарықшам бағаналарына бояу жағылды. Бұдан бөлек көпірлер мен арық-атыздардың, каналдардың арналары ретке келтірілді.
МАМЫР БЕЙСЕНБАЕВ, МЫРЗАКЕНТ КЕНТІНІҢ ӘКІМІ:
Еліміздің тазалығы ол халқымыздың мәдениеті. Таза ұстау бәріміздің міндетіміз. Жыл бойы осы халықты тәрбиелеу, елімізді тәрбиелеу, тазалыққа үйрету сол мақсатта жұмыс жасап жатырмыз.