Астанада халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Онда журналистика және заманауи медиакоммуникация мәселелері талқыланды. Конференция Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Баспасөз және баспа ісі кафедрасының профессоры, Бас редакторлар клубының бірінші вице-президенті Мұратбек Балқыбекұлының 60 жылдығына арналды.Мұратбек Тоқтағазиннің отандық басылымдарда журналистиканың әртүрлі жанрларында жазылған 300-ден астам материалы жарияланған. Соңғы 5 жылда профессоры ретінде журналистиканың, көсемсөздің өзекті мәселелерін кешенді зерттеп, 2 монография, 2 оқу құралын баспадан шығарып, 10 ғылыми жинақтың құрастырушысы, жауапты редакторы болды. 80-нен астам ғылыми-зерттеу мақаласын Қазақстанның, Беларусь, Ресейдің және басқа шет елдердің ғылыми журналдарында, халықаралық басылымдарында жариялады. Айта кетейік, жиын "AMANAT" партиясының қолдауымен ұйымдастырылды.
КӘКЕН ХАМЗИН, ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ ПРОФЕССОРЫ:
Шығармашылығымен, публицистік мақалаларымен жақсы таныспын. +Мұратбектің образы, Мұратбектің бейнесі тек қана өзінің жүріс-тұрысынан емес, оның шығармашылығынан, оның ұстаздығынан, оның педагогтық бейнесінен айқын көрінеді.