Русский Сайттың толық нұсқасы

Отбасылық жанжал салдарынан 27 жастағы әйел көз жұмды

  • AstanaTV
  • 15 қараша 2024
  • 126

Бішкекте пышақ жарақатынан 27 жастағы әйелі қаза тапты. Бұл туралы 24.kg агенттігіне Ленин аудандық ішкі істер бөлімі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бүгін, 15 қарашада шамамен таңғы сағат 7.40-та ауруханадан полиция бөліміне бірнеше пышақ жарақатымен ауруханаға жеткізілген әйел туралы хабар түсті. Ол алған жарақатынан есін жимастан көз жұмған.

Тәртіп сақшылары ауруханаға барды. Олар өткен күні таңертең Шералиев көшесіндегі жер үйлердің бірінде ерлі-зайыптылар жанжалдасып, оның соңы пышақтаумен аяқталған. Салдарынан 27 жастағы әйелі мен оның 34 жастағы күйеуі ауруханаға жеткізілді.

Полицейлер күйеуі қазір жансақтау бөлімінде жатқанын хабарлады. Оған конвой жіберілді.