Русский Сайттың толық нұсқасы

Биржадағы құбылмалы жағдайдға қарамастан, долларға сұраныс өскен жоқ

  • AstanaTV
  • 10 мамыр 2017
  • 2633

Мерекеден кейін, көк қағаздың құны нығая түсті. Күндізгі сессия нәтижесінде 1 АҚШ доллары 318 теңге 43 тиынды құрады. Дегенмен, биржадағы құбылмалы жағдайға қарамастан, долларға сұраныс өскен жоқ. Бұл туралы "КASE" Қор биржасы төрағасының орынбасары Андрей Цалюк мәлімдеді.

Еске салсақ, өткен аптаның аяғына қарай Брент маркалы мұнай бағасы 51 доллардан 47 долларға дейін түскен еді. Соның әсерінен төл валюта екі теңгеге әлсіреді. Бүгін Бренттің бағасы 49,20 долларды құрап отыр. Әзірге биржада жағдай тұрақты, - дейді мамандар.

Андрей Цалюк, "KASE" Қазақстан қор биржасы төрағасының орынбасары:

Екі сессия нәтижесінде биржалық бағам 318,43 тиынды құрады. Соңғы саудамен салыстырғанда теңге 34 тиынға арзандады. Мерекеден кейін теңге бұдан да әлсірейді деп ойлаған едік. Әдетте, демалыстардан кейін сұраныс жиналып қалатын. Бірақ олай болмады. Керісінше, долларға сұраныс азайды. Мереке алдында 400 млн доллар саудаланса, бүгін 124 млн 700 мыңнан асқан жоқ. Нарықта тұрақтылық орнай бастағанын осыдан-ақ аңғаруға болады.

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ