Аты аңызға айналған боксшы Майк Тайсон (50-6-0,44КО) ертең кәсіпқой рингке қайта оралады.
Бүгін, 58 жастағы Майк Тайсон өзінен 31 жас кіші америкалық танымал блогер Джейк Полмен (10-1-0,7КО) айқас алдында салмақ өлшеп, көз арбасты. Алайда, аңыз боксшы ашуға бой алдырып, қарсыласын шапалақпен ұрып жіберді. Бұл туралы видео әлеуметтік желіде жарияланды.
Тайсон таразыда 228.2 фунтты(103.5 келі), ал Пол 227.2 фунтты (103 келі) көрсетті.
Бұл туралы Қазақпарат хабарлайды.