Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкенттегі Қорғасын зауыты сатылмай тұр

  • AstanaTV
  • 10 мамыр 2017
  • 3674

Шымкенттегі қорғасын зауыты сатылмады. Кәсіпорынның құны 2 млрд теңгеге жуықтайтын ғимараты мен бірнеше құрылыс нысаны өтпей тұр.  Аумағы 165 мың шаршы метрден асатын зауыт тыйым салынған мүлікті сату бойынша бірыңғай электрондық сауда алаңына шығарылған еді. Бұл жөнінде аталған жүйенің ресми сайтында жазылған. Аукционға қатысуға өтінім бергендер саны небәрі екі адам болғандықтан, 5 мамырға белгілеген бәс сауда өтпей қалды.

Зауыттың бастапқы бағасы - 1,8 млрд теңге. «Южполиметалл» серіктестігіне қарасты 1-ші және 2-ші жылу электр орталығы да саудаға шығарылды. Алғашқысының құны 333 млн теңге төңірегінде. Екінші жылу орталығының аукционға шығарылу бағасы 240 млнға жуықтайды.