Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстандықтардың микроқаржы ұйымдары алдындағы қарызы ипотека рәсімдеуге кедергі келтіреді – Ләззат Ибрагимова

  • AstanaTV
  • 16 қараша 2024
  • 133

Елде микроқаржы ұйымдарына берешегі бар азаматтар көп. Бұл ипотекаға баспана алу кезінде кедергі болуы мүмкін. Бұл туралы қаржыгерлер конгресінде "Отбасы банкінің" төрағасы Ләззат Ибрагимова айтты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Айтуынша, қазір төлем қабілетін бағалаудан өту клиентке өте қиын. Қарыз жүктемесі соңғы кезде артып отыр.

"Бізде микрокредиттік ұйымдар бар. Бұл сектор тез дамып кетті, тіпті 2,5 трлн теңгеге дейін жетті. Бұдан бөлек, ломбард секторы бар. Оның еншісінде 250 млрд теңге бар. Мемлекеттік кредиттік бюро арқылы несие тарихы туралы соңғы кейс қосылды. Содан көп несие алушылардың ломбардтағы қарызының кесірінен кредит тарихы нашарлап кеткен", – дейді ол.

Спикердің сөзінше, тұрғындардың басым бөлігі ломбардқа бағалы затын өткізіп, оны қайтарып алуды ойланбайды. Бұл жағдай олардың кредит тарихын елеулі түрде бұзады.

Бұдан бөлек, микроқаржы ұйымдардан қарыз алғандарда баршылық. Онда несие мөлшерлемесі өте жоғары болғандықтан, болашақта кредит тарихының нашарлауына әкеледі. Яғни, ипотекаға баспана алу кезінде кедергі болуы мүмкін.