Русский Сайттың толық нұсқасы

Түркістан облысында есірткі контрабандасы үшін 120-дан астам шетел азаматы ұсталды

  • AstanaTV
  • 16 қараша 2024
  • 93

Түркістан облысында есірткі контрабандасына қатысты 120-дан астам шетел азаматы ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, заңсыз айналымнан 335 килограмнан астам есірткі заттары тәркіленген. Есірткі контрабандасының 137 арнасының қызметі тоқтатылған.

 «Шекара арқылы контрабанда жасаудың 127 фактісі Өзбекстаннан Қазақстанға өту кезінде, ал 10 факті Қазақстаннан Өзбекстанға өту кезінде анықталды. Ұсталғандардың ішінде 88-і – Өзбекстан азаматтары, 37-сі – Тәжікстан азаматтары», – делінген хабарламада.

2024 жылдың 10 айында Түркістан облысында есірткіге қатысты 652 факт анықталған. Оның ішінде:

267 қылмыс;

385 әкімшілік құқықбұзушылық;

Есірткі сату бойынша – 42 факт;

Ірі көлемде есірткі сақтау – 13 факт;

Наркотикалық өсімдіктер өсіру – 67 факт;

Есірткі мен психотроптық заттарды насихаттау және заңсыз жарнамалауға қатысты – 8 факт.

Есірткі айналымына қатысты екі қылмыстық іс тіркеліп, мың дана «Трамадол» препараты тәркіленген.