Оңтүстік
Кореяның жаңа президенті Мун Чжэ Ин қызметіне кірісті. Ол сайлаушылардың 40
пайыз даусын жинап, жеңіске жеткен. Рейтерстің хабарлауынша, жаңа президентті
алғашқылардың бірі болып Қытай басшысы Си Цзиньпин құттықтады.
Ол
екі жақты қарым-қатынасты сақтап, саяси байланысты нығайтуға дайынмын деп
сендірді. Туындаған текетіресті реттеуге қол ұшын беруге уәде етті. Жаңа басшы Мун Чже Ин Корея Халық
Демократиялық Республикасы мен Қытай арасындағы ахуалдың реттелуіне мүдделі
тұлға ретінде белгілі. Және Оңтүстік
Кореяда американдық зымыранға қарсы қорғанысты орнатуға қарсы.
Айта кетерлігі,
саясаткер мемлекет басшысы лауазымына инаугурацияны күтпей-ақ кірісіп кетті.
Өйткені елдің экс-перзиденті Пак Кын Хеге жемқорлыққа байланысты импичмент
жарияланды. Енді ол алдағы өмірін темір тордың ар жағында өткізбек.