Алматы
облысында бір отбасының 3 бірдей баласы арықтағы суға батып кетті. Оқыс оқиға
Райымбек ауданына қарасты Ақтүйек отар жайылымы аумағында орын алған. Төтенше
жағдайлар комитеті өкілінің сөзінше, бұл сәтте балалардың әкесі жұмыста болыпты.
Ал, анасы түскі ас дайындап жатқан. 3 және 4 жасар екі қыз бала мен 2 жасар
сәби көшеде ойнап жүреді. Үлкендердің қарауынсыз қалған бүлдіршіндер үйден 300
метрдей жердегі арыққа батып кетеді. Мамандар қайғылы жағдай сақтық шараларын
орындамау салдарынан орын алды деген пікірде.
Жалпы өткен демалыс күндері ел бойынша 8 бала суға кеткен.
Руслан Иманқұлов, ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі:
Дәл
осындай оқиғалар мереке күндері Оңтүстік Қазақстанда да орын алған. Онда 2001 жылы туылған бір бала мен 2008 жылы туған екі бала суға батып кеткен. Егер
ерсектер өз балаларына жауапты қараса, осы оқиғаларға жол бермеуге болар еді.