Францияның Исси-ле-Мулино қаласында мейрамхана қызметкерлерін кепілге алған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Кепілдегілер босатылды, ал қаскөй құрықталды», – делінген хабарламада.
Оқиға сенбі күні күндіз Париждің шет ауданында болған. Бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, ер адам мейрамхана ішінде мекеме оның қызметкерлерін кепілге алған.
Figaro газетінің дерегіне сүйенсек, күдікті – аталған мейрамхана иесінің ұлы. Ол қолында пышағы бар екенін айтып, 3-4 қызметкерді ұстап отырған және суицид жасауға оқталмақ болған.
Қазіргі уақытта жағдай тұрақты. Күдікті туралы қосымша ақпарат жарияланбады.