Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбеде грант уәде еткен алаяқ 5 миллион теңге жымқырды

  • AstanaTV
  • 17 қараша 2024
  • 113

Ақтөбеде медициналық академияға грантқа түсіруге көмектесемін деп студенттерді алдаған ер адам 5 миллион теңге жымқырған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ақтөбе қаласының №2 сотында алаяқтық жасады деп айыпталған азаматқа қатысты қылмыстық іс қаралды. Сот материалдарына сәйкес, 2024 жылдың қаңтар айында айыпталушы үш студентке әртүрлі салада байланыстары бар екенін айтып, оларды грантқа түсіруге көмектесуге уәде берген. Өз қызметі үшін белгілі бір сома талап еткен алаяқ, алынған ақшаны анасының есепшотына аударған.

Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын 5 миллион теңгені құрады. Сотта айыпталушы кінәсін толық мойындап, жәбірленушілерге ақшаны қайтарып берген.

Нәтижесінде сот айыпталушыны 3 жылға бас бостандығын шектеуге үкім шығарды. Сонымен қатар оған әр жыл сайын 100 сағаттан мәжбүрлі еңбекке тарту жазасы тағайындалды.

Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.