Жетісу облысы Көксу ауданы Жарлыөзек ауылында жол-көлік апаты болып, 2 адам қаза тапты, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
"Алдын ала мәліметтер бойынша, МТЗ-80 тракторының жүргізушісі Volkswagen Passat көлігімен соқтығысып, содан кейін инерция бойынша Toyota Carina көлігімен тағы бір соқтығысу болған. Апат салдарынан екі жолаушы оқиға орнында қаза тапты, алты адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді", - делінген ПД хабарламасында.
Полиция жүргізушілерге қыс мезгілінде жылдамдық режимін қатаң сақтауды және көліктерді маусымдық пайдалану жағдайына уақытында дайындауды ескертеді.