Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматы маңында 5 мыңға жуық абонент көгілдір отын желісінен уақытша ажыратылады

  • AstanaTV
  • 18 қараша 2024
  • 224

Алматы маңында 19 қараша күні ТЭЦ-3-ке дейін тартылып жатқан жаңа газ құбырын қосу жұмыстары жүргізіледі. Бұл туралы «QazaqGaz Aimaq» АҚ-ның Алматы өндірістік филиалы хабарлады.

Жоспарланған жұмыстарға орай Алматы облысы Іле ауданының бірнеше елдімекендеріндегі 4449 абонентке көгілдір отын беру уақытша тоқтатылады,-деп хабарлайды Қазақпарат. 

Олар:

Көктерек ауылы

«Энергетик» саяжай-кооперативі

Байсерке ауылы

«Проектировщик» саяжай-кооперативі

«Надежда» саяжай-кооперативі.

Сондай-ақ «QazaqGaz Aimaq» АҚ Алматы өндірістік филиалы мамандары қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін тұрғындарға жұмыстар аяқталғанға дейін газ шүмектерін жауып қоюға және іске қосу шаралары толық аяқтамайынша газ шүмектерін ашпауға кеңес берді.

— Бұл - мегаполистің экологиялық ахуалын жақсарту мақсатында ТЭЦ-3-тің табиғи газға көшірілуіне байланысты жүргізіліп жатқан кешенді жұмыстар. Сұрақтарыңыз болса, 104 нөмірі бойынша газ қызметіне хабарласа аласыз. Уақытша келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және тұтынушылар тарапынан түсіністікке сенім артамыз, - деп хабарлады «QazaqGaz Aimaq» АҚ Алматы өндірістік филиалынан.