Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында бір жылда 12 300 адам қаржылық сауаттылық бойынша тегін сабақ алды

Алматыда «Қарызсыз қоғам» жобасы бойынша тегін дәрістер жалғасуда. Бұл жолы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің оқытушылары мен студенттеріне лекция жүргізілді.

Жоспарға сәйкес, 2024 жылы Алматыда 12 мың адамды қаржылық сауаттылық бойынша оқыту бекітілген. Дегенмен, бүгінде 12 300 азамат «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында тегін сабақ алған. Бұл жолы сабақта инвестиция, жеке шығындарды азайту, қаржыны тиімді басқару тақырыптары қозғалды. 

ӘЛИ НӘСІПҚАЛИЕВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ САЯСИ ЖҰМЫС БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

Жалпы бұл жоба несиесі бар қарызданған азаматтарға арналған жоба. Осы орайда Алматы қаласының мекемелеріне, университет болсын, колледж болсын, барлық қызығушылық танытқан мекемелерге барудамыз. Дәріс аясында несиесі бар азаматтар болса, есепшоттары бұғатталған азаматтар болса, сол азаматтарға соңына дейін консультациялық көмек көрсетіліп, мәселесін соңына дейін шешуге тырысатын боламыз.

САНДУҒАШ ИСИМОВА, «ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ» ЖОБАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ САРАПШЫСЫ:

Қарыздар барлығында бар. Студенттерде де бар, даже кейбір кезде кейс айтқандай 18-ге толмаған адамға да ақша, рассрочкаға товар беріп жатыр. 18-ге толғандардың студенттердің где-то 60 пайызында қарыздар бар. Бірінші күннен кейін айтып жатқандары шығындарымыз бойынша ойланып қалдық, қайда кетіп жатыр ақша деген сияқты, депозит аша бастадық деп мысалы депозит ашқандар бар.