Русский Сайттың толық нұсқасы

"Таза Қазақстан": Алматыда қысқы кезеңге дайындық жұмыстары таныстырылды

Алматыда «Таза Қазақстан» акциясы жалғасуда. Қалада коммуналдық техникалардың қыс мезгіліне дайындығы пысықталды. Мұнда арнайы техника паркі жаңартылды. Биыл 32 заманауи көліктер сатып алынып, олардың көмегімен тазалау жұмыстарының тиімділігі мен жылдамдығы арттырылмақ. Қазір қала көшелерінде 841 техника және 1 405 жұмысшы қызмет етеді. Олар қар мен мұзды уақытылы тазалауға, көктайғақтың алдын алуға, сондай-ақ жол мен тротуардағы басқа мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.

ЕРТАЙ КАСЕНОВ, "АЛМАТЫ ТАЗАЛЫҚ" МКК ДИРЕКТОРЫНЫҢ ӨНДІРІС ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ:

10 фаф техникасы бар. Сосын 6 дулева, 6 трактор, сосын пангалин деген пылесос көлік бар электрический. Қысқы маусымға техникамызды дайындап, осымен төртінші қар өтті, жоғары таулы аймақтарда. Қаланың ішіне әлі түскен жоқ. 7-8 см ғана түсті. Таулы аймақтарда 4 рет тазаладық. Қысқа 100 процент дайынбыз.