Русский Сайттың толық нұсқасы

Батысқазақстандық полицей ауыл дәрігерін ұрып өлтірді

Батыс Қазақстан облысында тәртіп сақшысы адам өлтірді деген күдікпен қамауға алынды. Ал полиция департаменті оның ішкі істер органдарынан теріс қылығы үшін осы оқиғаға дейін жұмыстан шығарылғанын мәлімдеді. Қазір үстінен адам өлтіру бабы бойынша іс қозғалған күдікті уақытша ұстау изоляторында отыр. Ауылдастарының айтуынша, ММА спортымен айналысатын сақшы ауыл дәрігерімен ерегесіп, сөзге келген. Кейін оны бір ұрып сұлатып түсірген. Ауыр соққы алған ол ауруханада көз жұмған. 

ДИНАРА НҰРСҰЛТАНОВА, БҚО ПРОКУРОРЫНЫҢ АҒА КӨМЕКШІСІ:

Батыс Қазақстан облысының Тасқала ауданындағы орталық ауруханаға ес-түссіз жатқан азамат жеткізіліп, ол есін жимастан көз жұмды. Бұл оқиға Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.