Русский Сайттың толық нұсқасы

“Тауарды арзанға жеткізіп беремін“: Астанада 30 адам алаяқтың арбауына түсіп қалған

  • AstanaTV
  • 18 қараша 2024
  • 243

Алаяқ елорда тұрғындарына Қытай мен Түрікменстаннан халық тұтынатын тауарларды тікелей жеткізуге уәде беретін қылмыстық жоспар құрған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Азаматтарды алдау үшін ол WhatsApp мессенджерінде арнайы топтар ашып, тауарларды нарықтық құннан төмен бағамен жарнамалаған. Осылайша, 30 адамның 3 миллион теңгеден астам қаржысын иемденіп, алаяқ ол ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсаған", - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, күдікті сотта қылмыстық жауапкершіліктен жалтаруға тырысып, жәбірленушілермен азаматтық-құқықтық қатынаста болғанын көрсеткен.

Мемлекеттік айыптаушы сотталушының бастапқыдан тауар жеткізуді жоспарламағанын және өзіне алған міндеттемелерін орындауға ниеті болмағанын дәлелдеді.

"Сот үкімі бойынша, ол 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Келтірілген материалдық шығын сотталғаннан өндірілді.

Астана қаласының прокуратурасы тұрғындарға мессенджерлерде төмен бағамен тауарларды тікелей жеткізуге уәде беретін күмәнді мәмілелерден сақ болуды ескертеді".