Жаңаөзенде үш жасөспірім мопедке мініп, жолда жеңіл көлікке соқтығысқан. Салдарынан бір бала көз жұмды, деп хабарлады turkystan.kz.
Оқиға 18 қараша күні сағат 20:30 шамасында болған. Олардың екеуі – 2010 жылы туған, ал біреуі – 2011 жылғы. Кішісі апаттан көз жұмды.
«Екі бала Жаңаөзен көпсалалы қалалық ауруханасына қабылдау бөлмесіне жеткізілді», - деп делінген жедел жәрдем хабарламасында.