Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтауда ваннаға түскен сәби белгісіз себептен көз жұмды

  • AstanaTV
  • 19 қараша 2024
  • 105

Ақтауда жуынатын бөлмеде суға түскен бір жасар сәби көз жұмды. Бұл туралы Lada.kz хабарлайды.

Оқыс оқиға 4 қараша күні 29А шағын ауданындағы №3 үйде болған. Бұл жағдай туралы бүгін белгілі болды.

«29-ықшам аудандағы №3 үйден 4 қараша күні сағат 22:38-де бір жасар баланың жағдайына байланысты қоңырау түсті. Әкесінің айтуынша, сәби ес-түссіз жатыр. Шақырту алдында сәби шамамен 15-20 минут бұрын су толтырылған ваннада ойыншықтармен отырғызған. Жедел жәрдем келгенше сәби белгісіз себептен көз жұмды. Көз жұмғаны туралы мәлімет «102» нөміріне берілді», - деп хабарлады жедел жәрдемнің баспасөз қызметі.