Русский Сайттың толық нұсқасы

Атыраулық балықшылар лимитті игере алмауы мүмкін

Биыл атыраулық балықшылар Жайық-Каспий бассейнінен балық аулауға бөлінген лимитті орындай алмауы мүмкін. Ау тартушылар су маржаны азайып бара жатыр,- деп дабыл қағуда. Оның үстіне биылғы тасқын судан төнген қауіптен өзенге ау салуға да кеш кірісіпті. Сондықтан күзгі тартым басталғанымен нәтиже көңілден шықпай тұр. 

Балық шаруашылығында 35 жылдан астам тәжірибесі бар Амангелді Борашұлы соңғы жылдары ата кәсіптен несіп теру қиынға айналып бара жатқанын айтады. Бұрын бір тартымда 5-7 центнер беретін Жайық өзенінен келілеп балық жинайтын жағдайға жеттік,- дейді кәнігі балықшы.

АМАНГЕЛДІ БОРАШҰЛЫ, БАЛЫҚШЫ:

Балық деген жоққа жақын. Кейде бір 200 келі болады 1 тонна ауласақ, қуанатындай дәржеге жеттік. Теңізден бері қарай балық келмей тұр.

АСҚАР ҚАБЕСОВ, БАЛЫҚШЫ БРИГАДАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Таңертең 9 дан бері тартып жатырмыз. Осы төртінші тартым. Айтарлықтай балық жоқ. 50-60 келідей түсті. Басында 100-200 келідей шығады сосын нашарлай береді. Көктемде су мол болды да, тартымдарды су басып кетті. Дұрыс аулай алмай қалдық.

Жайық, Қиғаш өзені мен Каспий теңізіне ау салған 19 балықшы коопертивіне 15 мың тонна лимит берілген. Қазір қай кооперативтің қанша лимит орындалғандығы туралы тоқсандық есеп жиналып жатыр. Дегенмен балық шаруашылығы инспекциясы мамандары балық аулау өте төмен деңгейде екенідігін растайды.

БАҒЫТЖАМАЛ ИМАНҒАЗИЕВА, ЖАЙЫҚ-КАСПИЙ ОБЛЫСАРАЛЫҚ БАССЕЙНДІК БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ:

Балықтың аулануы өте төмен деңгейде деп айтуымызға болады. Су деңгейінің көп мөлшерде келуіне байланысты балық шаруашылығы субъектілеріне қиын болды Жайық өзенінен балық аулау. Балық учаскелерде бекітілген учаскелерде су тасқынына байланысты учаскелерін су басты. Сондықтан олар кішкене кәсіпшілік балық аулауды кештеу бастады.

Өзенге ау бір ай кеш салынды. Қазіргі уақытта табан мен көксеркенің ұсақ түрі түсіп жатыр. Бұрынғы аққайраң балығы сиреп кетті,- дейді балықшылар. Мамандар бөлінген квотаны игеруге келер жылдың шілдесіне дейін уақыт бар,- деп отыр.