Русский Сайттың толық нұсқасы

"Соңғы екі айда мектеп асханаларында 800-ге жуық заң бұзушылық анықталды",-министр

Соңғы екі айда мектеп асханаларында 800-ге жуық заң бұзушылық анықталған. Бұл туралы Оқу -ағарту министрі Ғани Бейсенбаев айтты. Мониторинг кезінде асханалардың қажетті материалдық-техникалық жабдықталуы, 1 оқушыға шаққандағы өңірлердегі тамақтану құны, ата-аналар арасында жүргізілген сауалнама нәтижелері ескерілген. Сондықтан жауапты министрлік енді бұндай заң бұзушылықтарды болдырмау үшін, мектеп асханаларында талап бұзылған жағдайда, лауазымды тұлғаларға әкімшілік жауапкершілікке тартуды қарастырып отыр. 

ҒАНИ БЕЙСЕМБАЕВ, ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ:

Жамбыл, Маңғыстау, Алматы, Атырау облыстарының және Шымкент қаласы әкімдіктерінің тарапынан мектептерде сапалы тамақтануды ұйымдастыруға тиісті көңіл бөлінбей отырғаны анықталды. Қазіргі күні министрлік мектепте тамақтандыру қызметтерін сатып алу кезінде өнім берушілерді іріктеу талаптарын бұзғаны үшін лауазымды тұлғаларға әкімшілік жауапкершілік енгізу мәселесін пысықтауда.