Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодарда мас күйінде жол апатын жасаған жүргізуші бас бостандығынан айырылды

  • AstanaTV
  • 19 қараша 2024
  • 125

Павлодар қаласының № 2 соты алкогольдік масаң күйде көлік құралын басқару салдарынан жаяу жүргіншіге орташа ауырлықтағы дене жарақатын келтірген К.-ға қатысты қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық сотқа сілтеме жасап.

Сот анықтағандай, К. бұған дейін көлікті мас күйде басқарғаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылғанына қарамастан, 2024 жылдың 7 қыркүйегінде мотоцикл тізгіндеген. Кемеңгер ауылының маңындағы жолда рөлді басқара алмай, жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Жәбірленуші сол аяғының жабық сынығы, бас пен кеуде тұсынан жарақаттар алды. 

К.-ның кінәсі куәгерлердің айғақтары, құжаттық дәлелдемелер және сараптамалық қорытындылар арқылы расталды.

«Сот айыпталушының кінәсін мойындап, жасаған әрекетіне өкінгенін және асырауында жас баласы бар екенін ескере отырып, 4 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сонымен қатар ол өмір бойына көлік құралын басқару құқығынан айырылды», - делінген хабарламада.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.