Русский Сайттың толық нұсқасы

Төреғали Төреәлі «ТТТ» атауының мағынасын түсіндіріп берді

  • AstanaTV
  • 20 қараша 2024
  • 82

Әнші Төреғали Төреәлі өзі жиі қолданатын «ТТТ» атауының мағынасын түсіндіріп берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әнші Instagram парақшасындағы жазбасында үшінші Т әрпі руымен байланысты екенін қозғап өтті.

«ТТТ сөзіндегі «ТТ» деген Төреғали Төреәліұлы екенін көпшілік білсе де, үшінші «Т»-ның шешімін біле бермейді. Дегенмен, ел ішінде әркім өзінше расшифровка жасап жүр. Біреулер туған жері Төретам деген сөздің бас әрпі десе, біреулер әйелі – Толқынның бас әрпі депті», - деп жазды әнші.

Төреғали Төреәлі сөзін жалғай отырып, концерттерінің бірінде қариялардың бірі атауының мағынасын тауып алғанын айтты.

«Руым да Әлімнің ішіндегі Татыраны ғой. Қызылорда қаласында өткен кәнсерттерімнің бірінде, залдан бір қария шығып, батасын беріп болып: саған, бір сұрағым бар еді. ТТТ дегендегі үшінші «Т» Татыран деген сөз деп естіп едім, сол рас па?» - деді.

Мен: «Жоқ, ата, үшінші «Т» Татыран деген өтірік. Бірінші «Т» - Татыран, - дедім.

Атам жүзі жадырап, бір қуанып қалды. Шамасы, аталасым болса керек. Жүзге бөлінгенім емес, жеті атасын білмеген жетесіз дейді ғой.

Негізі, ешкімге айтпап едім, атам қайдан естіді екен. Шынымен, үшінші «Т» - Айдарбектің 4 баласының бірі Татыран атамның есімінің бас әрпі болатын», - деп жазды Төреғали Төреәлі Instagram парақшасында.