“AMANAT” партиясының “Қайсар” әскери-патриоттық жобасы атыраулық жастар арасында ерекше қызығушылыққа ие. Өскелең ұрпаққа патриоттық рух қалыптастырып, Отанына адал, жауапкершілігі жоғары жастардың басын қосып, азаматтығы биік тұлғаны қалыптастыруды мақсат еткен жоба аясында сан түрлі шара ұйымдастырып жүр. Мәселен, әскери өмір мен өрт сөндіру қызметінің қыр-сырына үңілту үшін бөлімшеге экскурсияға апарады. Одан бөлек әскери жаттығулардан қызықты сайыстар, кездесулер ұйымдастырады. Шараға ұлдармен бірге қыз балалар да белсенді қатысады,- дейді ұйымдастырушылар.
ЖАЛҒАС ХАЛЕЛОВ, “ЖАСТАР РУХЫ” ЖҚ АОФ КЕҢЕСШІСІ:
Әскери бөлімшелерден бөлек, өрт сөндіру учаскелерге апарамыз. Жастарды сол жердегі жұмыстармен таныстырып, іштегі жағдайды қалай болып жатыр, соның бәрін түсіндіреміз. Және де “Сарбаз болғым келеді” акциясы аясында біздер жастарымызды әскери бөлімдегі немесе ерлік жасаған ағаларымызбен кездестіреміз.