Жамбыл облысында шегірткелердің шабуылы басталды. Жәндіктер жайылым жерлерге ауыз сала бастаған. Байзақ ауданының халқы бір аптадан бері зиянкестердің берекені қашырғанын айтып отыр. Жолындағысын түгел жайпап өтетін жәндік «Көделі» жайлауына да жетіп қалды. Енді ғана қаулап өсе бестаған желекке қауіп төнді. Жайылым жерлер мен шабындықтар қазір шегірткелердің азығына айналған. Мамандар қауіпті жәндікпен қалай күреспек? Данияр Әлімқұл тақырыпты толықтырады.
Данияр Әлімқұл, тілші:
Қазір шырылдауық шегіртке шабындықтағы жасыл-желекті жайпап жатыр. Зиянкестердің көктемде-ақ, «Көделі» жайлауында күрт көбеюі бұрын-соңды болмаған екен. Бұқара болса, дұрыс дәрілемегеннен былтыр балалап тастаған, деп болжайды. Ал мен тұрған жерден 20 шақырым қашықтықта егін даласы басталады. Дихандар қанаттылардан төнетін қауіптен қорқып отыр.
Әділхан Шымырбаев, дихан:
Былтыр мұндай шегіртке көп болған жоқ. Бірақ, негізі жазға таман шыққан. Бірақ осы «Көделінің» бәрін жеп қойды. Ал енді биыл одан есе артық болып тұр. Қазір біз жаққа дәрі себетін ешқандай техника келген жоқ, дәрі шашылған жоқ.
«Көделі» жайлауындағы көрініс осы. Қожалық
иелері мен шопандар марокколық шегірткенің маусым болмай жатып шабындыққа
жаудай тигенін айтады. Осы қарқынмен ұша берсе, мал азығын да қоймай, тып-типыл
ете ме деп қауіптенеді. Өйткені жер көлемі жағынан ауқымды жайлау аймақтағы 3
ауданға қызмет етеді. «Көделіге» жақын орналасқан Кеңес ауылының халқы да
«көкөністерімізді жайпап кетеді-ау» деп зиянкестерден үрейленіп отыр.
Мадияр
Бақыторазов, Кеңес ауылының тұрғыны:
Ауылға
биыл жетпеуі мүмкін емес. Былтыр жеткен. Былтырғы шегірткелер сол жерге
дернәсілін тастап кеткен. Әрине, дұрыс емдемеген. Былтыр да уақытынан
кешіктіріп емдеді. 10-15 күннің ішінде олар қанаттанады. Қанаттанғаннан кейін
оларға бой беру мүмкін емес болады енді.
Марокколық
шегіртке Жамбыл өнірінің 7 ауданында кездеседі. Оның үшеуінде қанатты
зиянкестер шамадан тыс көбейіп кеткен. Негізгі ошағы - Қаратаудың бөктері. Қазір
қауіпті зиянкеске қарсы химиялық улау жұмыстары жүріп жатыр. Алайда, оның
қарқыны көпшіліктің көңілінен шықпайды. Мамандар 3 мың литрдей «доклоприд» дәрісімен 30 мың гектар жерді
залалсыздандырдық дейді. Алқаптарды
дәрілеу апта бұрын басталған.
Нұрби
Жігітеков, ҚР АШМ мемлекеттік инспекция комитетінің Жамбыл облыстық аумақтық
инспекциясының басшысы:
Жоспар бойынша химиялық өңдеу жұмыстарын жасау үшін 121 070 гектар жер жасалыну керек биылға 2017 жылға. Сосын тағы алып марокколық шегірткесіне қарсы жұмыс жүріп жатыр, ол 63 090 гектар. Дихандарға айтатыным, биыл ешқандай қауіп төндіретін, қорқатын жағдай жоқ.
Инспекция басшысы дәрілеу жұмыстарына биыл қанша қаржы бөлінгенін білмейтін болып шықты. Ал былтыр 150 мың гектарға жуық жерге 84 млн теңге жұмсалыпты. Қазір «Көделідегі» 1 шаршы метр жерге шамамен 30-50 шегірткеге дейін келіп отыр. Айта кетейік, былтыр жазда шегірткелер шабындықтың 70 пайызын жеп қойған болатын.
Данияр
ӘЛІМҚҰЛ