Ақтөбе қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері Ақтөбе – Алматы бағытындағы әуе рейсінің 38 жастағы жолаушысын анықтап, ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.
Ол ұшаққа отырғызу кезінде масаң күйде болып, әуекомпания қызметкерлеріне балағат сөздер айтқан және ескертулерге құлақ аспаған.
«Құқық бұзушы полиция бөліміне жеткізіліп, оған қатысты алкогольдік ішімдік ішкені немесе қоғамдық орындарға масаң күйінде келгені үшін және ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 5 АЕК (18 460 теңге) мөлшерінде айыппұл салумен әкімшілік хаттама толтырылды. Ұсақ бұзақылық бойынша іс шешім қабылдау үшін сотқа жолданды», - делінген хабарламада.