Русский Сайттың толық нұсқасы

«Біреу үшін үйленбеу керек» : Имам Нұрлан Байжігітұлы

  • AstanaTV
  • 21 қараша 2024
  • 164

Нұрлан имам Байжігітұлы жастардың үйлену керек жасы бойынша ақылын айтты, деп хабарлайды Alash.KZ.

Имам өз сөзінде адам біреу үшін үйленбеуі керек екенін нықтап тұрып айтты.

«Ең алдымен біреу үшін үйленбеу керек. Әке-шешемнің аузын жабайын, достарымның бәрі үйленді, мен де үйлене салайын десе адам бақыт таппайды, әйелден бұл өмірде ләззат та көрмейді. Біреудің әйелі жақсы көрініп, біреудікі сұлуырақ болып тұратыны сол.

Екіншіден, ұрпағының да қызығын көрмейді. Өкінішке қарай, біздің заманымызда ондай көп.

Жастар менен қанша жаста үйлену керек екені туралы сұрап жатады. Шариғат не айтады? Аманатты түсінген адам үйленсін дейді. Аманатты түсінген кезде жақсы болады. Біреудің ақысы бар. «Шыдасаң, жақсы көріп кетесің» деген орыстың бір сөзі бар. Шариғатымыз бойынша махаббаттың болғаны жақсы. Дегенмен екеуінің арасында түсіністік болса, жеткілікті, отбасы құрыла береді. Екеуінің бір мәселеде түсінуі, бірнәрсеге тоқталуы өмірдің ары қарай бірге жалғасуына, қол ұстасып жүруіне себеп бола алады», – дейді Нұрлан Байжігітұлы.