Русский Сайттың толық нұсқасы

Қостанай облысының оқушылары ЕХРО-2017 көрмесіне барады

  • AstanaTV
  • 11 мамыр 2017
  • 1821

Қостанай облысының кәсіпкерлері озат оқушылар мен тұрмысы төмен отбасы балаларына қолдау көрсетіп, халықаралық көрмеге билет алып берді. Енді елорда төрінде өтетін ЭКСПО көрмесіне  Пешков ауылынан 45 шәкірт аттанады.

Ата-аналар комитеті «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалына жүгініп, халықаралық көрмеге барғысы келетін балаларға демеуші тауып беруді сұраған. Тұрғындардың тілек-өтініші орындалды. Оларға жергілікті шаруашылық басшылары мен мәслихат депутаттары  қол ұшын созды. Қайырымды азаматтар 500 мың теңгеден астам қаражат шығарып, оқушылардың жол шығынын, билет құны мен жатын орнына кететін шығынды көтерді. Жанашыр жандар алдағы уақыта тағы 35 жеткіншекке билет алып бермек.

Юрий Малышко, Қостанай облыстық мәслихаты депутаты, "Нұр Отан"  фракциясының мүшесі:

"ЕХРО-2017" көрмесі әуелі біздің балаларымызға, мектеп бітіріп жатқан түлектерге арналған деп ойлаймын. Өйткені ол - болашақтың көрмесі. Бұл ауқымды шараға барған жеткіншектер еліміздің жарқын келешегін көруі тиіс.

Заңғар САНАЙ