Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылордада "Ұлы дала" шығармашылық байқауының аймақтық кезеңі мәресіне жетті

Қызылордада «Ұлы дала» шығармашылық байқауының аймақтық кезеңі мәреге жетті. Байқауға Қазақстанның халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісовтің 100 жылдық мерейтойы арқау болды. Оған проза, поэзия жанрларындағы және балаларға арналған 50-ден аса туынды келіп түскен. Шара ұлттық құндылықты, рухани болмысты паш етіп, отандық авторларға қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылған. Жеңімпаздар қаржылай сыйлықтарға ие болды.

АЛМАСБЕК ЕСМАХАНОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Бұл конкус тамыз айында жарияланып, қазан айының 20 дейін құжат қабылданды. Бұның негізігі мақсаты бұл қазақ әдебиетінің өнерін, поэзия, проза жанрын, балалар әдебиетін әрі қарай жандандыру. І, ІІ, ІІІ орын алған азаматтарымыз респубилкалық деңгейде өтетін біздің шарада Сыр бойының намысын қорғайтын болады.

ЕРАСЫЛ ШӘРІБЕК, «ҰЛЫ ДАЛА» ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖҮРДЕГЕРІ:

Бұл шығармашылық байқауға «Қызылордада қалған қолтаңба» туындысын ұсындым. Елдің арыстары Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин, Сәкен Сейфуллиннің Қызылордадағы қолтаңбаларын жинақтап шығармашылық прозаға ұсындым. Бұндай байқаулар көбіне біз секілді жас журналистердің шығармашылық шабытын одан әрі жетілдіруіне септігін тигізеді.