Алматыда жүзден астам жас ғалым бас қосты. Олар "Жас Сәтбаевшылар" ғалымдарының бірінші конгресіне қатысты. Бұл тек ғылыми шара ғана емес, еліміздің болашағына жасалған инвестиция. Ғылым саласына шам алып түскен жастар жобаларын тіс қаққан ғалымдарға таныстырып, бірлесе талқылады. Конгрес академик Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына орай ұйымдастырылды. Тоғыз жоғарғы оқу орнында пленарлық отырыс, 8 ғылыми конференция өткізііп, «ҚАНЫШ СӘТБАЕВ ФЕНОМЕНІ» кітабының тұсауы кесілді.
АҚЫЛБЕК КҮРІШБАЕВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
Бізде статистика бойынша Қазақстанда ғылыми дәрежесі бар ғалымдардың орта жасы 57 -ге келген. 15 пайыз дәрежесі бар ғалымдар зейнеткерлік кезеңде, пенсияда. Сондықтан қазір мемлекет басшымыздың саясатына сәйкес біз жас ғалымдарды осы үлкен ғылымға тартуымыз керек. Ол өте маңызды. Онсыз біздің ғылымымыздың болашағы болмайды деуге болады.