Русский Сайттың толық нұсқасы

Орман шаруашылығының бұрынғы басшысы 21 миллиард теңге көлемінде шығынды өтеуі тиіс

Өртпен келген өрескел шығын. Қостанай соты «Басаман» орман шаруашылығының бұрынғы басшысына 21 миллиард теңге өтеуді міндеттеді. Еске салайық, 2022 жылы қыркүйекте Әулиекөл ауданы аумағындағы бірнеше орман шаруашылығында алапат өрт шығып, 32 мың гектар алқапты шарпыды. Өсімдіктер мен жануарларға орасан зор залал келді. Тұрғындар зардап шекті.Сот барысында «Басаман» орман шаруашлығының бұрынғы басшысы өрт қаупі жоғары кезеңде ағаш кесуге заңсыз рұқсат бергені анықталды. Ақауы бар құрал-жабдық кесірінен алау тұтанып, орман қоры отқа оранған. Бұған дейін облыстық сот үкімімен айыпталушы 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылған еді.Енді қалалық сот 21 миллиард теңгеден астам залалды өндіруге шешім шығарып отыр.

ЛӘЗЗАТ БАЙҒОЖИНА, ОБЛЫСТЫҚ СОТ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Қостанай қалалық соты уәкілетті органның мемлекетке келтірген зиянын өтеу туралы талабын қарады. Сот оны ішінара қанағаттандырып, жауапкерден мемлекет кірісіне 21 млрд 436 миллион теңге өндірді.Оның ішінде аудандық бюджетке 326 миллион теңге, қалған сомма облыстық бюджетке.