Русский Сайттың толық нұсқасы

Тобыл өңірінде 900-ге жуық адамды ит қапқан

Қостанай облысында биыл 900-ге жуық адамды ит қапқан. Олардың адамдарға шабуылдауы жиілеп кетті дейді тұрғындар. Мәселені жергілікті әкімдік қалай шешіп жатыр, тілшіміз айтады. 

Санитарлық дәрігерлер он ай бедерінде ит қапқан адамдар саны көбейгенін айтып отыр.Қауіпті індеттің алдын алу үшін аймақ тұрғындарына құтыру дертіне қарсы вакцина егіліп жатыр.

ГҮЛІМ ДОСЫМОВА, ОБЛЫСТЫҚ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Жалпы зардап шеккен адамдардың ішінде 1715 адамды иттер тістеген. 67 пайызды құрайды. Ал оның ішінде 879 адам белгісіз иттерден, қаңғыбас иттерден зардап шекті.

Ветеринария мамандары Тобыл өңірінде 20 мыңға жуық бұралқы ит бар екеін айтады. Биыл олардың үш мыңына чип салынған.

ТАЛҒАТ ШӘМШАДДИН, ОБЛЫСТЫҚ ВЕТЕРИНАРИЯ БАСҚАРМАСЫ БИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

 Стерилизация, ұстау, чиптеу осы барлық бағдарламаға облыстық бюджеттен 135 миллионға жуық қаражат бөлінді 2024 жылға.Бұл қаражат жаңағы бес бағдардамаға бөлінді.Бұл бағдарлама қазіргі таңда облыс бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.

Қаңғыбас иттердің қалың шоғыры қала маңындағы кенттерде, саяжайда көп кездеседі. Аула кезіп, көпқабатты үйлердің маңайын торлаған бұралқылар көпшіліктің бас қайғысына айналып отыр.Шұғыл шара қолдану керек деп шағымданады шаһар тұрғындары.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

- Балаларға үлкен қауіп бұл.Мектепке барады.Мектептен қайтады. Иттер топтасып он-он бестен жүреді.Күзде көбейіп кетеді.
- Оқушылар бар.Әйелдер бар.Үлкен кісілер бар.Өте қауіпті.Біреулер оны атпау керек дейді. Енді бірнәрсе қылу керек.

Ит пен мысықты он бес күн ұстап,чип, вакцина салып, зарарсындандыруға 50 мың теңге жұмсалады екен. Екі аптадан кейін қайтадан көшеге жіберіледі. Көп иттің мәселесін түбегейлі шешу қиын. 20 мыңға жуық бұралқыны түгел ұстап түгендеу үшін миллиардтаған ақша керек. Ең оңай жолы көзін құрту дейді мамандар мен тұрғындар. Еске салайық Қостанай облысында 2015 жылы аймақ тұрғыны құтыру ауруын жұқтырып, ажал құшты.