«AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы «Экономика, кәсіпкерлік және аграрлық секторды дамыту» жөніндегі аймақтық кеңестің отырысы өтті. Жиында өңірдің мал қыстауы кезеңіне дайындық жұмыстарының барысы талқыланды. Ауыл шаруашылық басқармасы басшысының баяндамасына депутаттардың көңілі толмады. Себебі, қағаз жүзінде бәрін қатырып, іс жүзінде айтылған сандар сәйкес келмейтінін жеткізді. Сонымен мәслихат депутаттары жауаптылардың жұмысын сынға алып, өтірік ақпарат айтудан аулақ болу керек деп қадап айтты. Аймақта тағы бір басты мәселе қант қызылшасын өткізу кезінде биыл қиындықтар туындаған. Дихандар жинаған өнімдерін өткізе алмай әлекке түсті. Сондықтан өңірге жаңа қант зауытын салу керек деген ұсыныс айтты. Жыр болған субсидия мәселесі тағы сөз болды. Басқосу барысында айтылған ұсыныстар партияның бақылауында болмақ.
Керімқұл БЕГАЛИЕВ, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Анықтама цифрлары былай қарасаң қағаз жүзінде беріле береді. Ал нақтылап айтқан болатын болсақ, бұл цифрлар сәйкес келмеуі де мүмкін. Мал шаруашылығында істеп жатқан малшылардың жағдайларын барып, қандай несі бар несі жоқ, не жетпей жатыр соларды біліп отыратын болса сонда ғана олардың жаңағы цифрлары дұрыс болады деп ойлаймын.