Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстан мен Ресей арасындағы гуманитарлық байланыс бекемдей түсуде

  • AstanaTV
  • 21 қараша 2024
  • 85

Қазақстан мен Ресей арасында түрлі салаларда байланыс артуда. Тек саясат пен экономика ғана емес, гуманитарлық бағытқа да ерекше ден қойылуда. Әсіресе, білім және мәдениет қос ел ынтымақтастығының ең маңызды тұсы екеніне сарапшылар сенімді. Солтүстіктегі алпауыт көршімізден үйренеріміз көп, - дейді олар. Ортақ тарихымыз бойынша да арнайы комиссия жуырда жұмысын бастайды. Ол ең, түйткілді сұрақтарға жауап бермек.

ЖАНАТ МОМЫНҚҰЛОВ, САЯСАТТАНУШЫ:

Ортақ мәдениет, білім, тарих салалары – қазір екіжақты қарым-қатынастағы ең бір маңызды салаларға айналып кету ықтималдығы бар. Өйткені, Қазақстанның когнитивтік-танымдық алаңы туралы айтып тұрмыз. Осы алаңды Қазақстан өзі қалыптастыру керек.

Шет мемлекеттерде 80 мыңнан астам қазақстандық жасөспірімдер білім алып жатса, соның басым көпшілігі Ресейде. Атап айтсақ, 60 мыңнан асып жығылады. Оның себебі, әлбетте, білім сапасының айтарлықтай жоғары екенінде. Оның үстіне оқу құны арзан әрі грантқа түсу мүмкіндігі де жеткілікті. Дегенмен, ресейлік жоғары оқу орындары өз стандарттарын елімізде енгізуге қуана келіскен. Бірнеше өңірде белді Ресейлік университеттердің филиалдары ашылып үлгерді. 

САЯСАТ НҰРБЕК, ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРІ:

Біздің мақсатымыз бүкіл әлемдегі ең жоғары білім стандарттарын қазақстандық университеттерде енгізу. Сондай талапқа келіскен оқу орындарымен ғана әріптес бола аламыз. Осы орайда, ең көп қызығушылықты ресейлік әріптестер танытып отыр. Материалдық-техникалық базасымен бөлісуге де қарсы емес. Біздің талап – қай университет қабырғасында ашылса, филиал сол университеттің стандарттарын жоғарылатуға еңбек етеді. Ресейліктер қуана келісті.