Русский Сайттың толық нұсқасы

Жастар ардагерлерге көмек қолын созды

  • AstanaTV
  • 11 мамыр 2017
  • 5214

«Соғыс және тыл ардагерлері әрқашан біздің назарымызда!» Бұл «Жас Отан» жастар қанаты Ақтөбе облыстық филиалы өкілдерінің ұстанымы. Олар жыл басынан бері 40-тан аса қарияға көмек көрсеткен.

Бүгін белсенді жастар соғыс ардагері Иван Шевченконың үйіне келді. Бау-бақшаны күтіп, көктемгі дайындық жұмыстарын жүргізді. Ал қыз балалар үй шаруашылығына жәрдемдесті.

93 жастағы қария Тынық мұхитының теңіз флотында әскери борышын өтеп, елге 50-інші жылы оралыпты. Ақтөбе ферроқорытпа зауытында 31 жыл  еңбек еткен. Ол кейінгі ұрпақтың соғысты ешқашан көрмеуін тілейді. Ал, жастар болса, осындай ардагерлерге құрмет көрсетуді өздерінің борышы санайды.

Иван Шевченко, Ұлы Отан соғысының ардагері:

Мен ол жерлерді қалай қазамын? Қаза алмаймын, бақша еге алмаймын ғой. Тек далаға шығамын,  сол жерде демалып отырамын.

Асылжан Бүркіталин, «Жас Отан» ЖҚ Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы:

«Ардагерлерді ардақтайық» акциясы аясында бұл жалғыз акция емес. Жалпы жыл басынан бері 42 ардагерге тұрақты түрде көмектесіп келеміз. 200-ден астам рет осы ардагерлердің үйіне барып, қыс мезгілінде қарын шығаруға, мұзын ою, қыз балалар үй шаруасына көмектесу болса, жаз мезгілінде осы бау-бақша жұмыстарына көмектесеміз, аулаларын тазарту секілді үй шаруасына көмектерді тұрақты түрде беріп отырамыз.