ЦСКА баскетболшылары «Астана» баскетбол клубын маусымды мерзімінен бұрын аяқтауға мәжбүр етті. Ресейліктер бүкіләлемдік баскетбол сериясы лигасында 4/1-ші финалда 3 ойынын қатар жеңіспен тәмәмдап отыр. Астаналықтар да қарсыластан осал еместігін айта кеткен жөн. Алғашқы кезеңде жерлестеріміз не бары 4 ұпай басымдықпен есе жіберген болатын. Осыған қарамастан, бұл ең сәтті ойын болды дейді.
Рустам Ерғали, «Астана» БК капитаны:
ЦСКА-ның комбинациялары мен
ойын тактикасына үйреніп қалғанымыз рас. Олардың қалай ойнайтынын көріп, зерттеп
білдік. Дайындықты үдеттік. Мүмкіндігімізде болған еді, бірақ, Еуропаның үздік
командаларының бірі бізге жеңісті бермеді.
Енді Лиганың жартылай финалында
әскерилер өнер көрсететін болды. Алайда, Астана алдына қойған межеге
жетті дейді білетіндер. Келер жылғы команда құрамымен бапкерлер туралы сөз
қозғау ерте. Дегенмен мақсат айқын. Ол плей-офф кезеңіне жолдама алу. Бірақ өткен маусымда екі есеге қысқарған бюджет сол қалпында сақталды.
Мадридтық «Реал» «Атлетикоға» есе жібергенімен, Чемпиондар
лигасының финалына жолдама алды. Қарымта ойында Диего Симеоне шәкірттері
тартысты ойын көрсетіп 2:1 есебімен басым түсті. Не бары 16-шы минутта көк ала
жейделіктер 2 гол соғып, корольдік клубтың зәре-құтын қашырған. Алайда, 41-ші
минутта Исконың дәл бағыттаған соққысы алаң иелерінің үміт отын өшіріп тастады.
Екі матчтың нәтижесі бойынша 4:2 есебімен "Реал" финалда өнер көрсетуге мүмкіндік
алды. Енді келер айдың 3-де осымен екінші рет ЧЛ финалында Ювентуске қарсы ойын
өткізеді.
Ал Бахрейнде салтанатты іс-шара жалғасуда. ФИФА ның 67-ші конгресінде Гватемала
мен Кувейтті ассоциация мүшелігінен шығару туралы бірнеше баяндама тыңдалды.
Ресейдің алдағы әлем чемпионатына дайындығы да сөз болды. Чемпионатқа келсек,
делегаттар «дауыс беру» жүйесінде тесттен өткізді. Онда «Германия қазіргі әлем
чемпионы ма?» деген сауал тасталған. Бір қызығы конгрестің 12 мүшесі «олай емес»
деп жауап беріпті.