Русский Сайттың толық нұсқасы

Қоғамдық орында кальян шеккендерге 25 млн теңге айыппұл салынды

  • AstanaTV
  • 22 қараша 2024
  • 115

Ел бойынша полицейлер қоғамдық орындарда кальян шегуге тыйымды бұзғандарды анықтау үшін рейдтер жүргізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

16 қыркүйектен бастап өткізіліп келе жатқан "Учаске" жедел–профилактикалық іс-шарасы аясында ойын-сауық орындарында кальян өнімдерін тұтынудың 500-ге жуық фактісі анықталды. 25 млн теңгеге айыппұл салынды.

Айта кетейік, қолданыстағы заңнамаға сәйкес темекі өнімдерін, оның ішінде кальянды тұтынғаны үшін 15 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған.

Қазіргі уақытта ІІМ Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп кафе мен мейрамхана иелерінің өз мекемелерінде кальян шегу фактілерін болдырмау жөнінде шаралар қолданбағаны үшін жауапкершілікті енгізу мәселесін пысықтап жатыр.