Русский Сайттың толық нұсқасы

Заманбек Нұрқаділовтің бірінші әйелі дүниеден өтті

  • AstanaTV
  • 22 қараша 2024
  • 111

Белігілі марқұм саясаткер Заманбек Нұрқаділовтің бірінші әйелі Нұрқаділова Нұрбике Ілімбайқызы көз жұмды, деп хабарлады turkystan.kz.

Суыт хабарды қызы Құралай Нұрқаділова мәлім етті.

«Бүгін түнде еліміз үшін маңызды тұлға қайтыс болды. Заманбек Нұрқаділов тұлға ретінде қалыптасқан жылдары оның серігі болған әйел. Ақылды, білімді және саяси сауатты Нұрбике Ілімбайқызы. Өте қарапайым әрі зиялы жан еді. Ол кісі туралы көп айтуға болады. Осы жылдар ішіндегі оның үнсіздігі туралы да. Ол Кеңес Одағы кезінде және одан кейінгі ел туралы көп нәрсе айта алар еді. Барлық тарихи деректі есте сақтайтын, өте қызық етіп баяндап беретін. Оны білетіндердің бәрі анамның даналығына таңданатын. Иманды бол, анашым, қолымнан келгеннің бәрін жасадым!», – деді ол.