Русский Сайттың толық нұсқасы

23-25 қарашада күн суып, көктайғақ болады

  • AstanaTV
  • 22 қараша 2024
  • 90

"Қазгидромет" РМК 23-25 қарашаға ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Astana TV.

Қазақстан аумағының басым бөлігінің ауа райын Сібір антициклоны қалыптастырады, сол себептен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек еліміздің оңтүстік-батысында, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен жауын-шашын (жаңбыр, қар), желдің күшеюі, таулы аудандарда көктайғақ болжанады. Республика бойынша түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман түседі.

Қазақстанның солтүстік, орталық және шығыс облыстарында ауа температурасы түнде 10-18 градус аязға дейін, еліміздің қиыр шығысында 23 градус аязға дейін төмендейді деп күтілуде.