Екібастұзда 22 қараша күні таңертең тоғызыншы сынып оқушысының ата-анасы полицияға түнгі сағат 3-те үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған ұлы туралы көмек сұрап жүгінді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Полицейлер тек облыс бойынша ғана емес, көршілес аймақтарға да хабар берді. Сондай-ақ, жоғалған адам туралы ақпарат БАҚ пен әлеуметтік желілерде жарияланды.
Іздеуге 300-ге жуық адам қатысты: полиция және ТЖ қызметкерлері, еріктілер. Сонымен қатар, тікұшақ, дрон және екі иісшіл ит қатысты.
Полиция жасөспірімді дронның көмегімен саяжай маңынан тапты.