Русский Сайттың толық нұсқасы

Президент Украинадағы ахуалдың ушығуына байланысты шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Украинадағы ахуалдың ушығуына байланысты шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды. Бұл туралы Президент кеңесшісі – Баспасөз хатшысы жазды. Берік Уәли Мемлекет басшысы еліміздегі жағдайды өз бақылауында ұстап отыр дейді. Біздің еліміз үшін басты стратегиялық мақсат – тұрақтылықты, тыныштықты, заң мен тәртіп үстемдігін сақтау екенін айтты. Қазақстан бұған дейін де қақтығысты келіссөз арқылы тоқтату қажет екенін мәлімдеген еді.