Русский Сайттың толық нұсқасы

"Ауыл аманаты" халықтық жобаға айналды - AMANAT

AMANAT партиясының "Ауыл аманаты" жобасы Батыс Қазақстан облысының ауыл халқы үшін іздегенге сұраған болды. Өйткені бұл бастама алыстағы ағайынның тұрмысын жеңілдетуге бағытталған. Бүгінде облыстың Бәйтерек ауданында осы жоба бойынша 2,5% жеңілдетілген несие беріліп жатыр. Жыл басынан бері жалпы көлемі 74 өтінім қабылданып, 573 млн теңгенің жобасы мақұлданған. Мұның ішінде мал мен құс шаруашылығы, ата кәсіпті жаңғыртуды көздеген қолөнер шеберлерінің ұсынысы қолдау тапқан.

БИБІГҮЛ АХМЕТЖАНОВА, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ БҚОФ БӘЙТЕРЕК АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

"Ауыл аманаты" жобасы жалпы өте тиімді жобалардың бірі. Бүгінгі таңда халыққа осы "Ауыл аманаты" жобасын жан-жақты ақпараттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жергілікті жерде ауыл тұрғындары, шалғай жатқан ауылдардағы халықтың өмір сүру сапасын, тұрмыс-тіршілігін жақсарту мақсатындағы үлкен қолдау жобалардың бірі.