Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада дене шынықтыру мамандары мен спорт саласынның майталмандары бас қосты

Астанада дене шынықтыру мамандары мен спорт саласынның майталмандары бас қосты. Олар болашақ мамандарды даярлаудың өзекті мәселелерін талқылап, жұмыс жоспарларымен бөлісіп, өзара пікір алмасты. Жиынға еліміздің әр өңірінен 150 ден астам мектеп пен колледж педагогтері, 80 ге жуық студент қатысты. Сөздерінше бұндай шара Астанада бірінші рет өткізіліп отыр. Республикалық ғылыми - конференция Астана халықаралық университетінің Педагогикалық колледжінде өтті. Бұл оқу ордасында білім алып жүрген студенттердің де спорт саласында жеткен жетістіктері аз емес. Ұйымдастырушылардың айтуынша, басты мақсат - күш-қуаты мықты, жан-тәні сау, шығармашылық жұмысқа құштар, жан-жақты дене тәрбиесі дайындығынан өткен адамдарды тәрбиелеу дейді. 

ҚАЙЫРБЕК ШАМБЕКОВ, ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ПӘНІНІҢ ОҚЫТУШЫСЫ:

Жаңа бағдарламалар енгізіліп жатыр. Біз өзіміздің бағдарламаға жаңа модульдар қосып жатыр. Соның бәрің болашақта қалай алып кетеміз. Біздің мамандар барғанда мектепке сіңіп кете ала ма? Ә дегеннен. Бағдарлама келе ма? Оларға қандай көмек қажет болады. Сол бағытта біз мәселе көтереміз.

БАТЫРХАН ҚАСЫМОВ, 3-КУРС СТУДЕНТІ:

Жалпы біздің педагогикалық колледжіміздің түлектері, студенттері қазіргі таңда халықаралық деңгейлерде болып жатқан спорттық шараларда, спорттық сайыстарда бақ сынап жүлделі орындарды алып келе жатыр.