Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодарда 16 жастағы қызды қамқоршысы жылдар бойы зорлаған

Павлодарда қамқоршы асырап алған қызын 6 жыл бойы зорлап келген. Сұмдық оқиға Железин ауданында болды. Қыз балаларды тексеру кезіндегі 16 жастағысының ерте жыныстық қатынасқа түскені анықталыпты. Сол кезде ғана ол өзін қамқоршысы зорлағанын айтқан. Полиция күдіктіні ұстауға барғанда, ол өзін өзі атып өлтірді. Ал Майқайың кентінде тағы 2 бала зорлықтың құрбаны болды. Мәселенің мән жайын тілшіміз Өзгеріс Қуанар білді. 

Павлодар облысында балаларды зорлау дерегі жиілеп кетті. Күні кеше Майқайың кентінде 15 жастағы қыз баланы өгей әкесінің зорлағанын айтқан болатынбыз. Айтып ауыз жиғанша, осы кентте тағы бір отбасының 2 бірдей баласы зорлық көргені белгілі болды. Олар 14 және 15 жастағы қыз бен ұл бала.

САМАЛ АЙТҚАЗИНА, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БЕРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Студент бала 2009 жылғы жүкті болғаны анықталды. Енді сол аралықта сол үйдегі сол зерттеу зерделеудің барысында да келесі отбасындағы кешегі болған жағдай ұл бала 2008 жылғы сондай зорлық көрді деген факті анықталды. Кешегі біз ол жерге арнайы шығып талқыладық. Бүгінгі күні әлі де тергеу жұмыстары жүргізілетін болады.

Ал Железин ауданындағы жағдай тіптен сұмдық. 16 жастағы қызын қамқоршысы 6 жыл бойы зорлап келген. Баланың ерте жастан жыныстық қатынасқа түскенін гинеколог дәрігерлер анықтапты. Баладан жауап алу кезінде оны қамқоршысы қорлағанын айтқан. Полиция күдіктіні ұстауға барған кезде ер адам өзін-өзі атып өлтірді.

ЖАННА БІЛӘЛОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Кәмелетке толмағанды зорлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті анықталды. Алайда, осы факті бойынша полицияға жүгінгенін біліп, күдікті өз-өзіне қол жұмсады. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда. Тергеу Павлодар облысы полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында.

Биыл өңірде балаларды зорлаудың 30 дерегі анықталды. Оның 16-сы ұстаздардың көмегімен ашылған. Қазір осы деректерге қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ал білім беру басқармасы аймақтағы аз қамтылған, бала асырап алған және толық емес отбасыларды тексеру шықты.

САМАЛ АЙТҚАЗИНА, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БЕРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Ата-ана қорғаушысы, қамқоршысы сондықтан ең бірінше ата-аналарға балалармен кеңесуді ұсынамыз. Өйткені біз барлық отбасыларды жеке жеке аралап, талдап бірнеше мәрте қайтара қарап отырмыз. Бір барғанда бір үйлердегі жағдайды көре алмаспыз. Екі барғанда көре алмассыз. Мүмкін менің алдымда отырған баланың жағдайын көре алмай қалатын тұстарым бар шығар. Сондықтан бірнеше мәрте барып қарап отыруымыз керек.

Осы жылы қорлық көрген 16 бала өзіне өзі қол жұмсауға дейін барған. Оның екеуі өмірмен қош айтысыпты. Өңірде жайсыз саналатын 178 отбасы есепке алынған. Олармен құзырлы органдар жұмыс істеп жатыр.