Русский Сайттың толық нұсқасы

Келесі айда кейбір ұялы байланыс тарифтері қымбаттайды

  • AstanaTV
  • 23 қараша 2024
  • 70

Елімізде келесі айда кейбір ұялы байланыс тарифтері қымбаттайды, деп хабарлайды Astana TV.

Activ және Kcell операторларында баға 6 пайыздан 25 пайызға дейін көтеріледі. Яғни, тариф құны орта есеппен 400 теңгеге өседі. Компания бұл қаражатты байланыс сапасын жақсартуға жұмсаймыз деп түсіндірді.

Ал желіні жаңартуға қажетті жабдықтар доллардың өсуіне байланысты шетелден қымбатқа жеткізіледі. Электр энергиясы тарифінің көтерілуі де бағаға әсер еткен.