Русский Сайттың толық нұсқасы

Aвтобус аударылып, 40-қа жуық адам зардап шекті

  • AstanaTV
  • 23 қараша 2024
  • 134

Францияда жолаушылар автобусы 5 көлікке соғылды. Апат салдарынан 5 адам ауыруханаға жеткізілді, бұдан бөлек тағы 31 жолаушы зардап шекті, деп хабарлайды Kazinform.

Оқиға Францияның Шевили-Ларю (Валь-де-Марнпрефектурасы) аумағында болған. Көмекке 80-ге жуық өрт сөндіруші жұмылдырылды.

Жергілікті билік бұл оқиғаны «Каэтано» дауылынан кейінгі ауа райының нашарлауымен байланыстырды. Аумақта жауын, қар жауып, жолдарда көктайғақ болған. Оның үстіне Валь-де-Марн префектурасында ауа райының қолайсыздығына байланысты қауіптіліктің қызғылт-сары дабыл деңгейі жарияланды.