Русский Сайттың толық нұсқасы

Мемлекеттік аудит: Атырау облысында 76 млрд теңгеге заңбұзушылықтар анықталды

  • AstanaTV
  • 23 қараша 2024
  • 123

Атырау облысында 76 млрд теңгеге заңбұзушылықтар анықталды. Бұл туралы өңірлік тексеру комиссиясының 2024 жылдың 9 айындағы қызметінің қорытындысынан белгілі болды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Ақпаратқа сәйкес, үстеме тексеруді қоса алғанда 46 аудит объектісінде, оның ішінде 43 мемлекеттік мекемеде және 3 квазимемлекеттік сектор субъектілерінде 10 аудиторлық және сараптамалық-талдау іс-шарасы жүргізілген.

Аудитпен қамтылған қаржы – 34 млрд 232 млн 912,7 мың теңге, оның ішінде республикалық бюджет қаражаты – 7 млрд 475 млн 210,5 мың теңге.

Қазақстан Республикасы заңнамасы нормаларының сақталмауынан анықталған бұзушылықтардың жалпы көлемі 76 млрд 134 млн 312,6 мың теңге болды, оның ішінде:

қаржылық бұзушылықтар – 3 млрд 631 млн 493,6 мың теңге (4,8%);

тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражаты мен мемлекет активтерінің мөлшері – 894 млн 532,0 мың теңге (1,2%);

бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін тиімсіз жоспарлау көлемі – 6 млрд 772 млн 224,2 мың теңге (8,9%);

қаржылық есептілік аудитін жүргізу кезінде анықталған қаржылық есептіліктің бұрмалануы – 64 млрд 836 млн 62,8 мың теңге (85,1%);

рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар саны –491;

ықтимал шығын – 105,7 мың теңге;

жүйелі кемшілік – 1 дерек, – делінген комиссия ұсынған ақпаратта.

Қорытынды бойынша қалпына келтіруге (өтеуге) жататын заңбұзушылықтардың жалпы көлемі – 68 млрд 467 млн 556,4 мың теңге, мемлекеттік аудит объектілері оның 67 млрд 778 млн 469,2 мың теңгесін өтеді. Орындау мерзімі келмеуіне байланысты қалпына келтірілмеген (өтелмеген) қаражаттың қалдығы 689 млн 87,2 мың теңге болды.

Талдау көрсеткендей, аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары бойынша анықталған бұзушылықтардың айтарлықтай үлесі бухгалтерік есептілікті жүргізу қағидасы талабының сақталмауынан 68 млрд 244 млн 295,2 мың теңге (89,6%), Бюджет кодексі талабының сақталмауынан 7 млрд 695 млн 438,1 мың теңге (10,1%), басқа да заңнама нормалары бойынша 194 млн 579,3 мың теңге (0,3%), – делінген қорытындыда.

Соттың қарауына және уәкілетті органдарға әкімшілік іс жүргізуді қарау және қозғау үшін 219 материал жолданып, 83 лауазымды және заңды тұлға әкімшілік жауаптылыққа тартылып, жалпы көлемі 14 млн 915 мың теңге әкімшілік айыппұл салынды.